16
март
2024
"ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!"
"ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!"


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 15 наурыз күні ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз мерекесін атап өтті.
Мерекелік іс-шарада Әз-Наурыздың мән-маңызын ашатын қойылымдар көрсетіліп, ақ жаулықты ақ әжелеріміздің алақанынан көпшілікке шашу шашылды. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптеліп, одан әуелеген әндер мен мың бұралған бишілер Наурыздың көркін қыздырды.
Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілейтін тарихы терең қасиетті мейрам! Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.
Табиғат ананың заңдылығы бойынша қыстың беті қайтып, жер қайта түлейді, күн мен түн теңеседі. Сондықтан адамзаттың да бойына жаңа күш-қуат дариды.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жанымыз жылулыққа, көңіліміз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, молшылық, барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!



