КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ


14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналады.

Кей жерлерде бұл күнді «Амал» деп те атайды. Мерекеде қыстан аман шыққан жұрт төс қағысып көріскен. Жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілек білдірген.

Көпшілік қар еріп, жер жүзі жаңарып, жаңа келбетке ене бастағанда, туған-туысын, жақындарын іздеп, сағына көрісетін болған. Бір-біріне деген өкпе-реніші болса, кешіріп, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алған.

Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ халқының құндылығын насихаттау, салт-дәстүрлерді жастар арасында кеңінен дәріптеу мақсатында «Көрісу күні - Амал мерекесі» атты лездеме өткізілді.

Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!



