28
февраль
2024
ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Шымкент қаласы білім басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсан күнгі №1177 хатының негізінде 2024 жылдың 20 қаңтар мен 25 мамыр аралығында мектеп түлектері үшін мамандық таңдауда кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізуде білім басқармасына қарасты Қазақстандағы Авиация Академиясымен бірлесе отырып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
9-11 сынып оқушыларымен профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, брошюралар таратып оқушыларға қажетті мәліметтер туралы айтып кетті.
Сонымен қатар қаңтардың 18 жұлдызында Шымкент қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен №72 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Азаматтық авиациялық академиясы» АҚ авиация академиясының өкілдері мен студенттерімен кездесуге барып қайттық. Д.Ж.Нарбеков физика пәнінің мұғалімі мен І курс студенті Қ.Н.Нұржанұлы бізге авиация академиясы туралы көптеген мәліметтер берді. Біздің мектептен кездесуге 9,10,11 сыныптардан 10 оқушы барып қайтты. Кездесуге қатысқан 9-11 сынып оқушылары өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сонымен қатар Шымкенттік түлектер І және ІІ курс студенттері өздерінің студенттік өмірлерімен бөлісті.


