23
февраль
2024
САПАЛЫ БІЛІМ АЯСЫНДА
САПАЛЫ БІЛІМ АЯСЫНДА
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 23 ақпан күні “Сапалы білім” жобасы аясында 2 «Д» сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Артыкова Пакизат Суннатовна қазақ тілі пәнінен «Жалқы есім және жалпы есім» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты:
Сынып жетекшісі Артыкова Пакизат Суннатовна жаңа тақырыпты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерімен түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар төрт топқа "Қаламсап" әдісі арқылы бірігіп, психологиялық ахуал құра білді. "Шаңырақ" әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашып «Киіз үй» әдісі арқылы жұптық жұмысы, «Алаша» әдісімен жеке жұмыстар, «Жануарлар төлдерімен» әдісі ойын арқылы сұрақтарға топпен жауап беріп, «Бес бармақ» әдісі арқылы оқушылар бағаланып,«Тақия» балаларға арналған ән арқылы сергіту сәтін ұйымдастырды.
