15
февраль
2024
«МОБИЛЬДІ МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«МОБИЛЬДІ МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен бірлестікте «Мобильді мұғалім» жобасы аясында тәжірибелік сабақтар өтуде.
Осыған орай, 2024 жылдың 08 ақпан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Избасарова Ақмарал Сапарбаевна 5 «Е» сыныбына «Көлік және жол белгілері. Су көліктері» тақырыбындағы тәжірибелік сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақты өткізудегі басты мақсат - оқушылар мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра білуге, сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім орнына қолдана білдіру.
Сабақты зерттеу мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, мектепте жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады. Бұл тәсіл «Сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талқылау үдерістерін қамти» отырып, «оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруді, сонын нәтижесінде түпкі мақсат - оқушылардың оқу үлгерімін арттыруды» көздейді.
Сабақ барысында «Ойлан, жұптас, бөліс» «Кинометафора», «RAFT» әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, топтық, жұптық, жеке жұмыстарды жүргізген Ақмарал Сапарбаевнаға алдағы уақытта сәттілік тілейміз.
Алдағы уақытта, «Мобильді мұғалім» жоба аясында мұғалімдер тарапынан пәнаралық тәжірибелік ашық сабақтар өткізіліп, жарияланатын болады.
https://www.facebook.com/100041009420083/videos/929995375500655/