«ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
12
февраль
2024

«ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

«ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 11 «А» сыныбына жетекшілік көрсететін Бейсенбиева Кулбара Тойланбаевна оқушыларға "Әбілхан Қастеевке – 120 жыл" тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
Жалпы қазақ халқының ежелден өнерлі ел екенін әлемнің көптеген аузы дуалы алыптары сан қырынан мойындап, жүрекжарды ой-тілек арнағанын көзі қарақты қауым жақсы біледі. Осы бағытта көркем бейнелеу өнерінің де түп-тамыры тереңде жатқанын даламызда сақталған ескерткіштер айғақтайды. Ал сол кәсіпқой көркем бейнелеу өнері ХХ ғасырдың басында Әбілхан Қастеевтен бастау алады.
 2024 жылдың алғашқы күні туғанына 120 жыл толған ғаламат суретші кәсіпқой бейнелеу өнерінде өзінің бір халықтың тұңғышы болуына қарамастан шексіз шеберлігімен осы күнге дейін жұртты таңдандырып келуде.
Осыған орай, сабақ барысында әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушылар топ-топқа бөлінді.
Әр топқа Әбілхан Қастеевтің өмірі туралы мәтін беріледі. Оқушылар сол мәтін бойынша сурет салып, қалған топ мүшелеріне жұмыстарын таныстырды.
Жалпы айтқанда, Әбілхан Қастеевтің тамаша шығармалары - қазақ өмірінің айнасы, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы мен көшбасшысы деп айта аламыз.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив