01
ноябрь
2023
1–4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚТАР
Шымкентқаласы білім басқармасына қарасты N79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 1 қараша күні 1-4 сыныптың ата-аналарына тренер, ДТІЖО-ры К. Маркабаева мен педагог-психолог М.Момынованың ұйымдастыруымен «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» тақырыбында Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады. Сенім арту – жетістік кепілі. Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз? Балаға үлгі көрсету. Тәлімменен өрілген біздің дәстүр.
Мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту, ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсету, ата-ананың өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының шарты ретінде балаға жағымды үлгі болуға дайындау, ата-аналардың отбасылық әл-ауқатын нығайту үшін прогрессивті дәстүрлерді дамытуға және қолдауға дайындығын қалыптастыру.
Ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет - алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау, ата-аналардың қиын жағдайлардың түрлері және оларға тап болған балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту, ата-аналардың әртүрлі отбасылық дәстүрлер, хоббилер, отбасы мен мектептің оларды нығайтудағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастырды.






