06
декабрь
2023
«АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық - педагогикалық мәдениетін арттыру, педагогикалық қолдау көрсету мақсатында 2023 жылдың 6 желтоқсан күні «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларының ата – аналарына арналған семинар сабақ өтті.
Семинар сабақты өткізудегі басты мақсат: заман талабына сай позитивті ата-ана болу - тыңдау, есту, өзін естірте білу, мақсаты оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту болып табылады.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, тұлға ретінде қалыптастырып тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» деген. Осыған орай, барлық ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ортақ бірлікте ғана ойдағыдай нәтиже берері анық.


