АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
13
март
2024

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 06 наурыз күні  10-11 сыныптардың ата – аналарына арналған семинар сабақ өтті. 
Семинар сабақты директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география бірлестігінің мұғалімі Маркабаева Камар Маркабаевна  ұйымдастырды. 
Ата-аналарды жоғары сынып оқушыларының өз өмірін өз бетінше құруға деген ұмтылысын қолдауға, дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ынталандыру, жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен таныстыру, бірлескен іс-әрекет дағдыларын дамыту және баланың дербестігіне қатысты өзіндік мінез-құлық бағытын талдау аясында дағдыландыру басты мақсаты болды.
«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында ұйымдастырылған семинарда ата-аналарға:
* Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде;
* Көркем мінез – баға жетпес байлық;
* Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі;
* Сен жанбасаң лапылдап...   
* Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады?
* Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы . 
* Жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары секілді сұрақтарға жауаптар алынды.
Мақсаты: ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту, ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту, ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту, ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын түсіндіру болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив