06
февраль
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 2 ақпан күні 8-9 сыныптардың ата – аналарына арналған семинар сабақты директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, география бірлестігінің мұғалімі М.К.Маркабаевна ұйымдастырды. Балаға жағымды қарым-қатынастарды қолдауды, жағымсыз қатынастарға қарсы тұруды үйрету, ата-аналарға қарым-қатынас түрлері туралы түсінік беру (достық, жасөспірімдер субмәдениетіндегі мінез-құлық, буллинг және т.б.), ата-аналардың оң қарым-қатынасты қолдап, жағымсыз қарым-қатынасты жеңу дағдыларын игеруіне ықпал ету, Ата-аналарға отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасылық құндылықтардың әлеуетін ашу, ата-аналардың отбасында және баламен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын игеруіне ықпал ету. Тақырыбы:Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары. Жасөспірім мінезінің ерекшеліктері. Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына. Құндылықтар - отбасы бақытының негізі.







