19
январь
2024
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Осыған орай, Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында жас бүлдіршіндерді кітап оқуға баулу мақсатында «20 минут кітап оқу» жобасы аясы ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға шақыруда. 17.01.2024 жылы 4 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшісі Кубекова Баянмен бірге ертегі әлеміне саяхат жасады. Оқушылар ертегі кітаптарды оқи отырып, өз түсінгендерін достарына баяндап берді. Ертегі кейіпкерлерін сипаттау арқылы жақсы мен жаманды, адамдық пен адамгершілік жайында пікір айтты.






