“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное
государственное учреждение
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 27-41-13
Бухгалтерия
+7(7252) 27-41-13
Версия для
слабовидящих
» » “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
29
январь
2024

“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ

Қазақ  ертегілері  — әлеуметтік,  рухани – адамгершілік,  эстетикалық  тәрбиенің  қайнар  көзі.  Балалардың  сөйлеу  мүмкіншіліктерінің  даму  барысында  қазақ  ертегілерін  оқыту  мен  тәлім — тәрбие  берудегі  рөлі  күннен  күнге  арта  түсуде.  Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл болып келеді. Ертегілер арқылы балалардың ой-өрісі дамып қана қоймай, сонымен қатар тіл байлықтары, сөйлеу мәдениеті арта түседі. Осы орайда, Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  29.01.2024 жылы 2 «Д» сынып жетекшісі Артыкова Пакизат  оқушыларға «Әжемнің ертегісі 20 минут кітап оқу» акциясын ұйымдастырды. 
Іс-шара барысында Салболтаева Рая Рысдаулетовна оқушыларға "Мақта қыз" ертегісін баяндап, оқушылардың ертегі жайлы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар,  оқушылар әжелерімен  өздері оқыған қызықты ертегілерімен бөлісті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив