12
февраль
2024
«ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
«ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Коммунальное білім басқармасына қарасты №79 жалпы білім беретін мектебінде 10 «в» сыныбының жетекшісі Таджиева Азиза Алиханқызы «Төле бидің 360 жылдығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына орай, оның өмірі мен халқы үшін жасаған ерен еңбегімен таныстыру болып табылады.
Оқушылар тарихқа терең бойлай отырып, дана бидің өмірі мен көрегендікпен айтқан өсиеттеріне қанық болды. Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдерінің білі Төле би Әлібекұлының даналығын, шешендік тапқыр сөздері жайлы мәліметтер алды. Төле бидің өмірі мен қоғам қайраткері ретіндегі еңбегі. Төле бидің шешендік сөздерін зерттеген ғалымдар «Жеті жарығы заңы» туралы ой толғады.
Қазақтың халық ретінде сақталып қалуына аянбай қажыр-қайрат жұмсаған Төле би табиғатынан дарынды туған, халқының ақындық, шешендік өнерінен құмарын қандырған, кеудесі алтын сандық, көкірегі ояу, терең кісі болған. Ел арасындағы билікке ерте араласып, әділдігімен, шешендігімен, тапқырлығымен халқын тәнті еткен.













