12
декабрь
2023
«Біртұтас білім» жобасы аясында
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Міне осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында 32 жылдан бері Тәуелсіз, бейбіт, егемен елміз. Көк аспанымызда қыранымыз қалықтап, әнұранымыз шалықтап, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты елміз. Осындай игі тақырып бойынша ашық тәрбие сағатына «Біртұтас білім» жобасы аясында 11 желтоқсан күні №79 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 "Д" сынып оқушылары қатысып, Тәуелсіздік алу жолындағы тарихымызға шолу жасалынды.
"Тәуелсіздігім- терегім" атты тарихи қолөнер көрмесі ашық тәрбие сағаты ретінде өтілді. Сабақ барысында оқушылар өздері жасаған қолөнерлерімен таныстырып, банкадағы суға бояу құю арқылы көк туымызды бейнелейтін тәжірибе жүргізді.
Сонымен қатар, Кубекова Баян Жаңабайқызы жетекшілік көрсететін сыныпқа патриоттық тұрғыдағы ән шашулары мен Тәуелсіздік құрбандары туралы мағлұматтар беріп, өлеңдерін арнады. Оқушылар Теңдігіміздің қандай ерлікпен келгенін жүрекпен сезіне білді. Шара соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнур Маделіқызы Әлімбаева жылы лебізін білдіріп, өз тарапынан сабақтың өтуіне оң баға берді.




