«Сапалы білім» жобасы аясында » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сапалы білім» жобасы аясында
18
декабрь
2023

«Сапалы білім» жобасы аясында

«Сапалы білім» жобасы аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дене шынықтыру» әдістемелік бірлестігінің мұғалімі Шымырбаева Айнұр Абайбекқызы 8 «Е» сыныбына «Қозғалмалы ойындар» тақырыбында сабақ өтті.
Жаңа тақырыпты өтудегі негізге мақсат: дене бітімін дұрыс қалыптастыру, негізгі қимылдарды жетілдіру және акробатика мен жаттығулар арқылы спорттың сан алуан түрлеріне үйрету болып табылады. 
Міндеті: 
*жаттығудың дұрыс жасалуын;
*жаттығу жасау кезінде тізені бүкпей екі қолды түзу ұстау;
*отырғанда екі қолды алға ұстап, тұрғанда төмен түсіруін қадағалау;
*белді дұрыс қозғалту.
Қимыл-қозғалыс ойындары көңілді әрі пайдалы спорттық ойындары болып табылады. Себебі бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе-теңдік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл-қозғалыстарды дамыта аласыздар.
Қимыл-қозғалыс ойындары кезінде көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл-қозғалыс машықтары мен дағдылары қалыптасады. Сонымен бірге бір-бірімен байланыс орнату арқылы, тез тіл табысуға көп көмегін тигізеді.
Қозғалыс техникасының түрлі элементтерін оқушыларға шебер үйретіп жүрген Айнұр Абайбекқызына үмітіңізді ақтайтын шәкірттеріңіз көп болсын дейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив