“Сапалы білім” аясында » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Сапалы білім” аясында
20
декабрь
2023

“Сапалы білім” аясында

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде “Сапалы білім” аясында «Дене шынықтыру» әдістемелік бірлестігінің мұғалімі Мүсілтай Жансая Базарбайқызы күнтізбелік жоспарға сай  «Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Қимыл-қозғалыс кезінде қауіпсіздік шараларын қолдану. Сенімділік қабілеттерін жақсарту. Жаттығуларды орындау кезінде аяқ-қолдың жұмысын жақсарту, тепе-теңдікті ұстауды үйрену болып табылады.
Сабақ барысында оқушылар гимнастикалық жаттығуларды меңгеріп дене қозғалысын тепе-теңдікте ұстау әдісін және жаттығу кезінде дұрыс тыныс алуды үйренді.  Жалпылама дамытушы жаттығулар гимнастиканың барлық түрінде қолданылады. Гимнастика дегеніміз – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер болып табылады.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екенін бәріміз білеміз. Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ. Мектеп қабырғасында жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға аса назар аударылуда.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив