19
январь
2024
"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 17 қаңтар күні 1 «А» сыныбында ана тілі пәнінен «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: сөздердегі дауысты дыбыстарды жуан және жіңішке түріне ажырата білу болып табылады.
Сынып жетекшісі Айгүл Калдыбекова жаңа тақырыпты оқушыларға «Гүл күлтешесі» әдісі арқылы топтық және жұптық жұмысы жүргізіліп, «Банкомат» әдісі арқылы жеке тапсырмалар орындалып, бағаланды.
Сабақ барысында оқушылар топқа бірігіп, сөздерге дыбыстық талдау жасады.