23
январь
2024
"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сапалы білім» жобасы аясында 2024 жылдың 22 қаңтар күні 1 «В» сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Жуан және жіңішке айтылатын сөздер (Әдепті балалар)».
Сабақтың басты мақсаты:
Сынып жетекшісі Мөлдір Қарағұлова жаңа тақырыпты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілмен түсіндірді. Сабақ барысында оқушылар топқа бірігіп, сөздерге дыбыстық талдау жасады. Оқушылар сабақ барысында берілген мәтін бойынша сахналық қойылым қойды. Сондай-ақ «Сәйкестендір» әдісі арқылы жұптық жұмысын, «Бал арасы» әдісі арқылы топтық жұмыстар орындалды.