24
январь
2024
«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 23 қаңтар күні 1 "Ә" сыныбында ана тілі пәнінен "Жуан және жіңішке айтылатын дауысты дыбыстар" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: сөздердегі дауысты дыбыстарды ажырату, жуан және жіңішке болып бөлінетінін оқушыларға түсіндіру.
Сынып жетекшісі Роза Боржымбетова жаңа тақырыпты оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдермен түсіндірілді.
Сабақ барысында оқушылар дыбыстық талдау жасады.