“САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ
31
январь
2024

“САПАЛЫ БІЛІМ” ЖОБАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде “Жаратылыстану” пәні мен “Химия-биология”пәнінің аралығында кіріктірілген сабақ өткізілді. Сабақ 3 "Д" сынып оқушылары мен 11 сынып оқушыларының ұйымдасуымен жүзеге асты. Сабақтан кейін химия биология әлеміне саяхат жасады.
Педагог Бейсенбиева Кулбара Тойланбаевна мен Сейтаева Динара Сериковнаның сабақ өткізудегі басты мақсаттары кіріктірілу сабағы арқылы –  бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуын, бір-бірімен араласып кетуін дәріптеу. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив