01
февраль
2024
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 1 ақпан күні "Кітапханадағы көңілді қоңырау" іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, үзілісті тиімді пайдалану болып табылады.
Іс-шара 15 минуттық үзілісте 7- сынып оқушылары арасында "Кітапты сипаттама бойынша тап!", "Кейіпкерлер бойынша шығарманы ата!", "Сиқырлы сандықша", "Кітаптағы кейіпкерлерді құрастыр" бөлімдері бойынша өткізілді. Ойынға қатысушы топтар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Бұл іс-шара барлық сынып оқушылары арасында жалғасын таппақ!


