18
январь
2024
"БІЛІМДІ ҰРПАҚ- ҰЛТ БОЛАШАҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ
2023 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білімді ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбында мектепішілік дебат турниры өтті.
Дебат ойынын өткізудегі басты мақсатымыз:
* түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, ой-пікірін дәлелдеу;
* оқушылардың пікірталас туралы дүниетанымын кеңейту;
* оқушыларды пікірталас мәдениетін баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу болып табылады.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.









