«БІТІП ЖАТҚАН БҰЛАҚТЫҢ КӨЗІН АШҚАН, БАР БІЛІМ БАСТАУЫШТА ҚАЛЫПТАСҚАН" » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БІТІП ЖАТҚАН БҰЛАҚТЫҢ КӨЗІН АШҚАН, БАР БІЛІМ БАСТАУЫШТА ҚАЛЫПТАСҚАН"
02
апрель
2024

«БІТІП ЖАТҚАН БҰЛАҚТЫҢ КӨЗІН АШҚАН, БАР БІЛІМ БАСТАУЫШТА ҚАЛЫПТАСҚАН"

«БІТІП ЖАТҚАН БҰЛАҚТЫҢ КӨЗІН АШҚАН,
БАР БІЛІМ БАСТАУЫШТА ҚАЛЫПТАСҚАН"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 сәуір күні мектепішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Бітіп жатқан бұлақтың көзін ашқан, бар білім бастауышта қалыптасқан» атты айлықтың ашылуы болды. 
Аталған іс-шара 1–30 сәуір аралығында өтеді.
Аталған іс-шара мақсаты – оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру.
Апталықтың ашылу салтанатында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б. Дүйсебай арнайы сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Ашылу барысы концерттік бағдарламаға ұласып, бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін көрсетті. Өнерлі балапандар құйқылжыта ән салып, мың бұрала билеп, домбырамен күмбірлете күй де шертті.
Ерекше айта кететін жайт – апталықтың ашылу кезі 1 сәуір – Халықаралық күлкі күнімен тұспа-тұс келді. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері мерекелік көңіл күй орнатып, Қожанасыр, Алдар көсе мен бай образдарымен шығып, ұстаздар мен оқушыларға түрлі қызықты ойын ойнатып, тәтті смайликтерді тарту етті. Бұл көрініс жарқын сәттер сыйлап, бастауыш айлығының айрықша өтетінінен хабар берді.
Апталық барысында дарындылығы, таланттылығымен белсенділік танытқан шәкірттер мен ұстаздарға мектеп ұжымы өз алғысын білдіреді.
Показать перевод

https://www.facebook.com/100041009420083/videos/1407227923243443/



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив