05
февраль
2024
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
Абай сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор болып келеді. Абай еңбегінің ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымымен құнды. Абай өз өлеңдерінде ғалым болу мен адам болуды бір –бірімен ұштастырып тұрады. Абайдың идеясы тек өлеңдерінде ғана емес қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарласы аясында қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл,сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау мақсатында 5-6 сынып оқушыларымен «Абай тақырыбы – мәңгілік тықырып» атты поэтикалық марафон ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Абай өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінің мағынасын ашып, Абайдың өмірі мен шығармашылығынан викториналық сұрақтарға жауап берді. Өте жақсы қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.



