08
декабрь
2023
«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектепте "Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік" акциясы аясында 2023 жылдың 5 желтоқсанпедагог-психолог М.М.Ахмедқызы мен С.Д.Қожахметқызының ұйымдастыруымен отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатігездіктің алдын алу мақсатында "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында 5-6 сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті.
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік - ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деп ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби айтып өткендей, балалар құқығын қорғау -Егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті болып табылады.