08
март
2024
Құрметті арулар, асыл жанды аналар, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болған №79 жалпы орта білім беретін мектебінің ұлағатты ұстаз, әріптестерім!💐
Құрметті арулар, асыл жанды аналар, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болған №79 жалпы орта білім беретін мектебінің ұлағатты ұстаз, әріптестерім!
Сіздерді көгілдір көктемнің осы бір ең жарқын шуақты мерекесі «8 - Наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!


Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Осы орайда, баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын, келген қиындықты абыроймен еңсере біліп, жүректеріңізге жылулық пен сенімділік ұялап ерекше құрметке бөленіп ғұмырлы болуларыңызды тілектеспін!


Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, өсіріп отырған ұрпақтарыңыз бен жақын - жұрағаттарыңыздың барлығы да аман - сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан - жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!
Құрметпен, №79 ЖОББМ директоры Ж.А.Кулбекова


