БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА » «N79 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№79 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-41-13
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-41-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
05
март
2024

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА 
«Зорлық - зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеуі керек? 
Ол үшін «БОЛМАЙДЫ» деген бес қағиданы үнемі білуі қажет: 
📍Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
📍Олармен бірге лифтіге және кіреберіске кірме.
📍Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
📍Мектептен кейін көшеде кідіріп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңды ата-анаңа ескерт. 
📍Интернет желісінде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер бейтаныс адам тіл тигізетін хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт. 
Әрқашан «ЖОҚ» деп жауап бер:
📌Егер сені тіпті көршілер болса да қонаққа шақырса кіруге немесе үйге жеткізіп салуды ұсынса;
📌Егер бейтаныс адам қатты қызығатындай бір нәрсе ұсынса немесе бір жаққа шақырса: үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айту керек.  
📌Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
📌Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақырған кейіп таныт. 
📌Егер қолыңнан келсе тиіскен адамды біраз уақытқа шатастырып, көңілін аударту үшін бетіне бір нәрсе лақтыр (мысал портфель, аяқ киім салынған сөмке немесе жәй ғана бір ұсақ-түйек). Адамдар көп жерге қарай қаш.
📌Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аударту үшін «Бұл менің әкем емес!», «Мені шақырып жатыр деп!» қатты дауыстап айқайла. 
📌Қауіпсіз жерде болғанда дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, нақыт мекен-жайды, сондай-ақ тиіскен адамның белгілерін және кеткен бағытын айт. 
Шымкент қаласының полиция департаменті 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив