31
январь
2024
«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №79 жалпы орта білім беретін мектебінде Тұраш Жазира Нұрланқызының жетекшілігімен 4 «З» сыныбына «Қазақ тілі» пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Шығыс септік».
Сабақтың мақсаты: сөйлемнен шығыс септіктің жалғауы жалғанған сөздерді табу, басқа септіктерден ажыратуды үйрену болып табылады.
Сабақ барысында тақырыпты ашу барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Топқа бөлу кезінде әр топқа зат есімде бір сөз беріледі, сол сөзді 7 септікке сәйкестендіру, әр топтан 1 оқушы шығып қорғайды, жаттығулармен жұмыс жүргізу, септіктердің жалғауларын еске түсіру үшін көрнекілікпен жұмыс жасап, нейро жаттығулар жасалынды.
Интерактивті тақтадан тақырып бойынша презентация көрсетілді.



