КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ
КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ 14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналады. Кей жерлерде бұл күнді «Амал» деп те атайды. Мерекеде қыстан аман шыққан жұрт төс қағысып көріскен. Жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілек білдірген. Көпшілік қар еріп, жер жүзі жаңарып, жаңа келбетке ене бастағанда, туған-туысын, жақындарын іздеп, сағына көрісетін болған. Бір-біріне деген өкпе-реніші болса,